СӘТСІЗДІКТЕРДЕН ҚАШУ МОТИВІ

lat: SÁTSİZDİKTERDEN QASHÝ MOTIV

Адамның кез келген жағдайда сәтсіздікке ұшырамауға ұмтылуы, әсіресе оның жасаған енбектері мен нәтижелерін басқа адамдар бағалап қабылдағанда, кез келген жагдайда адамның сәтсіздіктен құтылуға тырысуы. Сәтсіздіктерден қашу мотиві түрткісіне бой алдырған адам сол үшін өзінің бастапқы мақсатынан толық не белгілі мөлшерде бас тартуға дейін барады. Сәтсіздіктерден қашу мотиві үлгерімі нашар балалардың тапсырма орындамау себебін түсіндіргенде жиі байқалады.